Окапи () – керіктер тұқымдасының өзімен аттас монотипті туысына жататын сүтқоректі.
Биіктігі 2 м-дей, Салмағы 250 кг-дай. Мойны онша ұзын емес, құлағы үлкен. Аталығының мүйізінің сыртқы терісі жыл сайын өзгеріп тұрады. Түрі біркелкі қызғылт қоңыр, тек аяқтарында көлденең сары түсті жолақтары болады. Бұл аздап та болса мойыны мен аяғы қысқарақ жануар. Негізінен, ылғалды тропиктік орманды жерлерді мекендейді. Бұл үркек жануар тек Конго Демократиялық Республикасының аумағында ғана тіршілік етеді.
Дереккөздер
Санат:Керіктер