Эндрю Маунтбеттен-Винздор (, бұрын ханзада Эндрю, Йорк герцогі; 12 ақпан 1960 жыл, Лондон) — Ұлыбритания патшалық отбасының мүшесі, патшайым II Елизабет пен ханзада Филипптің үшінші баласы мен патша III Чарльздің інісі. Британ тағының мұрагерлігі бойынша қазір 8-орында болса, туған кезінде 2-орында болған.
Бұрын ханзада Эндрю делінген ол Джеффри Эпштейнмен жақындығы жайлы даудан кейін ханзада, Йорк герцогі титулдарынан айырылды.
Өз өмірі Маунтбеттен-Виндзор 1960 жылғы 12 ақпанда патшайымы II Елизабет пен жұбайы Филлиптің отбасында дүниеге келді. Патшалық отбасыда ол үшінші бала, екінші ұл бала болды.
Эндрю 1986 жылғы 23 шілдеде Сара Фергюсонға үйленді. Сол күні патшайым оған Йорк герцогі атағын берді. Герцог пен герцогиняның екі қызы туған: 1988 жылғы Беатрис және 1990 жылғы Евгения. Алайда, Йорк герцогінің әскери мансабына байланысты жиі сапарға шығуы, сондай-ақ Йорк герцогинясына бағытталған тынымсыз, жиі сыни БАҚ назары некенің бұзылуына әкелді. 1996 жылы олар ажырасты.
Маунтбаттен Винздор секс-қылмыскер Джеффри Эпштейн мен Гилейн Максвеллмен мүмкін достығы 2014 жылы халыққа белгілі болды. Вирджиния Джуффре сөзінше, 14 жаста болғанда оған Эндрю, Эпштейн мен Максвелл қорлық көрсеткен, саудаға сатқан. Бұл және ұқсас даулар себебінен 2025 жылғы қазанда Эндрю ханзадалығынан, Йорк герцогтігінен айырылып, Эндрю Маунтбеттен-Виндзор аталды.
Марапаттары
Дереккөздер
Санат:Ұлыбритания ханзадалары Санат:Виндзорлар