Тұрғызба — Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған.Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл селолық округінің Тұрғызба және Майкөмген селолық округінің Аққұдық елді мекендерін тарату туралы

Географиялық орны Аудан орталығы – Құлсары қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 198 адам (109 ер адам және 89 әйел адам) болса, 2009 жылы 126 адамды (71 ер адам және 55 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Жылыой ауданының таратылған елді мекендері