Мари-Жюли Клари (фр. Marie-Julie Clary; 26 желтоқсан 1771, Марсель — 7 сәуір 1845, Флоренция) – Жозеф Бонапарттың әйелі, 1808-1813 жылдары аралығында Испанияның патшайым-консорты.

Өмірі Мари-Жюли Клари жібек матаны сатушысы Франсуа Клари және оның екінші әйелі Франсуаза Роза Самидің отбасысында дүниеге келді. Жюлидің кіші сіңлісі Дезире (1777-1860) 1798 жылы Жан Бернадотқа тұрмысқа шығып, Швеция патшайымы атанды.

1794 жылы 1 тамызда Жюли Жозеф Бонапартқа, Наполеонның ағасына тұрмысқа шығады. 1806-1808 жылдары ол күйеуімен Неаполитандық патшалықты басқарды. 1808-1813 жылдары Испанияның патшайым-консорты болды. Испания мен Франциядан қуылған соң, жұбайлар ұзақ уақыт Америкада тұрып, Еуропаға қайтты. 

Балалары Жюли-Жозефина (1796-1796); Зенаида (1801-1854); Шарлотта (1802-1939):

Қолдланылған әдебиеттер Manuel Ríos Mazcarelle, Reinas de España, Casa de Borbón, I, Alderabán, El legado de la historia, Madrid, 1999, 1ª edición, ISBN 84-88676-57-3, p. 291.

Сыртқы сілтемелер Бонапарттар Генеологиясы