нобай|360px|Ғарыш игеру мұражайында нобай|180px|1965 жылғы марка Ғарышкерлер күні — алғаш адамның ғарышқа аттануына байланысты Ресейде және басқа да постсоветтік елдерде 12 сәуірде тойланатын мейрам.

Тарихы мен маңызы Совет ғарышкері Юрий Гагарин 1961 жылдың 12 сәуірінде «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Восток-1» атты ғарыш кемесімен алғаш жердің орбитасын айналып ұшқан болатын. Кеңістіктегі бұл шолу 108 минутқа созылған.

Кеңес өкіметі кезінде бұл мейрам 1962 жылы 9 сәуірде Жоғарғы совет президентімен тағайындалған. Ғарышкерлер күні атты атаумен аталып өтеді. Бұл мерекені екінші ғарышкер ұшқыш Герман Титов ұсынысы бойынша орнатылған және де Герман Титов ОК КОКП-қа бұл орнықты идеясына 1962 жылдың 26 наурызында назар аудартқан болатын.

Әлемдік авиация федерациясының генералды конференциясында (п. 17) 61-протоколына байланысты, дәл осы күні Бүкіл әлемдік авиация мен ғарышкерлер күні мерекесі тойланады. Бұл шешімді 1968 жылдағы қараша айында өткен жиналыста қарастырып, 1969 жылдың 30 сәуірінде қабылдаған және Авиация спорты федерациясында жарыққа шыққан. Ресейдегі ғарышкерлер күні 13 наурыз 1995 жылдың федерал заңдарына  № 32-ФЗ «О днях воинской славы и памятных датах России» сай аталынып өтіледі.

Адамның әлемдік ғарышқа ұшу күні нобай|Ғарышкерлердің 50 жылдығына арнайып атылған фейерверк 2011 жылдың 7-наурызында арнайы пленарлы отырыста БҰҰ Генерал Ассамблеясымен резолюция қабылданып, ресми түрде Адамның әлемдік ғарышқа ұшу күні аталынды.

Осы күннің басқа да оқиғалары Алғаш адамның ғарышқа ұшуынан кейін дәл 20 жылдан соң 1981 жылдың сәуірдің 12 жұлдызында «Спейс Шаттл» америка жобасымен алғаш пилотталатын ұшу жүзеге асты.

Осы оқиғалардың екеуіне де 2001 жылдан бері әлемнің көптеген қалаларында құрмет көрсетіліп, «Юрьева ночь» мерекелік іс-шарасы өткізілді. Ұйымдастырушы ғарыштық ұрпақ кеңес беру кеңесі болып табылады (Space Generation Advisory Council), үкіметтік емес ұйым. Ол әлемнің 60-тан астам елдерінің қатысушыларын біріктіреді.

Филателияда

Нумизматикада

Дереккөздер

Сілтемелер Русский сайт Yuri’s Night История праздников День авиации и День космонавтики День космонавтики в официальных документах СССР

Санат:Халықаралық күндер Санат:КСРО мейрамдары Санат:1962 жылы пайда болғандар Санат:БҰҰ-ның халықаралық күндері Санат:Ресей мейрамдары