Тальяменто (Tagliamento) — Италиядағы өзен.

Италияда ұзындығы бойынша он екінші орындағы өзен. Бастауын Альпіден алып, Адрия теңізіне құяды.

Ұзындығы — 172 км, су алабының ауданы — 2 916 км². Орташа су шығыны шамамен 70 м³/с құрайды. Бастауының биіктігі 1195 м.

Өзен ағысының төменгі және орта бөліктерінен Удине және Порденоне шет аймақтарының шекарасы өтеді.

Тағы қараңыз Мера (өзен, Комо) Санат:Алфавит бойынша өзендер