Үлкен Шарықты – ағынсыз көл. Ақмола облысы Ерейментау ауданының солтүстігінде, Торғай ауылынан шығысқа қарай 11 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 288 м биіктікте жатыр.
Аумағы Ауданы 6,8 км2 (кей жылдары 6,6 км2). Ұзындығы 3,5 км, енді жері 2,5 км. Жағалау бойының ұзындығы 9,2 км. Су жиналатын алабы 90 км2.
Гидрографикасы Жағалауы биік, түбі лайлы. Қар және жер асты суларымен толығады. Суы тұзды, өте кермек, ішуге жарамсыз.
Санат:Ерейментау ауданы көлдері