«Сафари королі» () — толықметражды мультфильм, ОАР өндірісінде. Әлемдік премьерасы кинофестивальде Канадада күні 8 қыркүйек 2013 жылы, ал Қазақстанда — 24 шілде 2014 жылы өткізілді.
Сюжет Африканың жүрегінде, саваннаның ортасында өзінің сырт бейнесімен барлық зебраларды үркітіп, шошытқан кішкентай құлын Кумба дүниеге келеді. Кумбаның тек жоғары бөлігі ғана жолақ болады: оның денесінің атқы бөлігі қарнымен қосып және құйрығының ішіне дейін бірде бі жолақ теңбіл жоқ. Ырымшыл зебралар балақайдың ұсқынсыз өңін көріп, бұл қайғы-қасірет әкелетін жаман ырым деп тапты, ал бұл жерге қуаңшылық келген кезде зебралар бәріне байқұс Кумбаны кінәләп, оны бүкіл Африкаға қайғы алып келді деді.
Мұндай ыңғайсыз жағдайға тап болған Кумба дана Дәуіттің қалған жолақтарды сарқырамадан іздейсің деген сөзіне сенген ол өзіне жетіспейтін жолақтарды іздестіруге көшіп, ұзақ жолға аттанды. Жол бойында қайсар кішкентай зебра жаңа достар кездестіреді, көптеген қызық жаңалықтарға тап болады, әртүрлі күтпеген жағдайларға тап болып, адам сенбейтін сафариға қатысады. Сол себепті де жаужүрек Кумба өз достарымен бірге бір рет те тағдырмен салғыласпады.
Рөлдерде Актер Кейіпкер Джейк Ти Остин Кумба Стив Бушеми Скалк Лоретта Дивайн ана Тұлғалар Нисон Фанго Лоуренс Фишборн Секо Ричард Грант Брэдли Аника Нони Rose Лангиса Анна-София Робб Томби Кэтрин Тейт Нора Чарльз Адлер Гиеновидная ит 1 Хари Пэйтон Гиеновидная ит 2 Ди Брэдли Бейкер әкесі сурикатов Джефф Беннетт Рабит Мэйсон Чарльз сурикат 1 Фил Ламарр шал
Сілтемелер
Санат:2013 жылғы мультфильмдер Санат:ОАР мультфильмдері Санат:Компьютерлік анимациялы фильмдер