Бесікті — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Қайыршақты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Атырау қаласының солтүстігіне қарай 20 км-дей жерде орналасқан.
Тарихы 1930 жылы іргесі қаланған. 1929 жылы 18-ауыл, Талқайраң, Аспа ауылдары бірігіп тұңғыш Бірлік колхозы болып балық шаруашылығымен айналысқан. 17-ауылға қоныс тепкен Кендірлі ауылының тұрғындары 1930 жылы Жайық бойына келіп, сөйтіп Бесікті ауылының ірге тасы қаланған. Алғашқыда Бесікті Талқайраң селолық кеңесіне бағынған, жергілікті адамдар колхоз малын бағып, егін еккен. Кейіннен Кондаур, Бесікті, 18-ауыл бірігіп Сталин кеңшары болған. 1957-1958 жылдары Қайыршақты селолық кеңесіне қараған. <ref>https://atyrautv.kz/kz/archive/programs/programs_ruh/altyn_tugyr_atyrau/889596</Алтын тұғыр: Қайыршақты ауылдық округі, Бесікті ауылы/</ref>
Халқы 1989 жылы елді мекенде 688 адам тұрған.1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том 1999 жылы тұрғындар саны 856 адам (432 ер адам және 424 әйел адам) болса, 2009 жылы 1021 адамды (499 ер адам және 522 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том thumb|орта|600px|Бесікті ауылы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1063 адамды (548 ер адам және 515 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Әлеуметтік және мәдени нысандары Бесікті мектеп-интернаты "Бесікті" ауылдық клубы “Бесікті” демалыс орныhttps://www.kidsclip.net/video/fsnVDpfP_VY/besikti-demalys-orny-shakyra.html «Тұлпар» демалыс кешеніhttps://atr.kz/zhanalyqtar/ari-demalady-ari-shyny-ady/
Шаруашылығы Ауылда негізінен егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған. Егінде көбінесе бақша дақылдары, жемісжидектер, көкөністер өседі.
Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктер + Бесікті ауылында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерҚазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы. АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. Статистикалық ақпарат.ЖШС атауы Негізгі қызмет түрінің атауы ЖШС "SAM CONSTRUCTION" Тұрғын емес ғимараттар құрылысы ЖШС "JAN A'DIL" Ірі қара малдарды көбейту ЖШС "ТОО "Z CAKE" Қант, шоколад және қантты кондитерлік бұйымдарды көтерме саудада сату
Елді мекендегі көшелер Әбдір Егізбаев көшесі Бисембай Дүйсенғалиев көшесі Қабдол Нұржанов көшесі Қадіржан Үмбетияров көшесі Молдағали Балғожин көшесі Сәния Бәрменова көшесі
Дереккөздер
Санат:Атырау қалалық әкімдігі елді мекендері