Арқат, галинзога () – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Өсу ареалы Қазақстанда Іле, Күнгей Алатауларының етектерінде арамшөп ретінде, бақтарда, арық бойларында, егістіктерде өседі.

Сипаты Биіктігі 20 – 60 (100) см. Сабақтары тықыр немесе жоғарғы жағы түкті. Жапырақтары дөңгелек, созылыңқы. Себеттері көп, гүлдері ақ, сары түсті. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жемістенеді. Тұқымы қара көкшіл, түкті. Қазақ энциклопедиясы I том

Дереккөздер

Санат:Күрделігүлділер