«Жұлдызды соғыстар: Эпизод IV - Жаңа үміт» (), алғашында «Жұлдызды соғыстар» () атымен 1977 жылы шыққан, Джордж Лукас түсірген эпикалық, ғылыми фантастикалық фильм, оның үшінші толықметражды картинасы және Lucasfilm компаниясынан шығарған екінші продуктісі. Фильм сагада шыққан жылы бойынша бірінші және Жұлдызды соғыстар сюжет хорнологиясы бойынша төртінші фильм.
Джордж Лукас бойына шабыт жинап, 1974 жылы "Жұлдызды соғыстар" фильмімен жұмыс жасай бастады. 11 миллион долларлық бюджетімен фильм 1977 жылғы 25 мамырда шығып, АҚШ-та 215 миллион доллар жинап, ал әлем бойынша кинопрокатта 337 миллион доллар жинап, сол уақыттың ең популярлы фильмі болды. Бұдан бөлек, фильм Киноакадемияның 6 марапатын алған. Фильм бірнеше рет қайта шығарылған, жиі елеулі өзгерістермен — ең танымал нұсқасы жаңартылған арнайы эффектілермен және жаңа көріністермен толықтырылған 2004 жылғы Арнайы шығарылым болып табылады. КСРО-да фильм орыс тілінде Горький атындағы киностудия тәржімасымен кинотеатрларда 1990 жылы көрсетілді.
Сюжеті "Галактикада азаматтық соғыс жалғасуда. Көтерілісшілер ғарышкемелері құпия базадан соққы беріп, жауыз Галактикалық Империяғы қарсы алғашқы соғыста жеңіске жетті. Шайқас барысында көтерілісшілер тыңшылары Империя суперқаруының құпия сызбаларын қолдарына түсіре алды, ол — ӨЛІМ ЖҰЛДЫЗЫ — бүкіл ғаламшарды қиратуға жеткілікті күші бар қаруланған ғарыштық станция. Империяның қатерлі агенттерімен қуғындалған Лея ханшайым өзімен бірге халқын құтқаратын әрі галактикаға бостандық әкелетін ұрланған сызбаларды алып, өз кемесінде үйіне қарай ұшуда..."Түпнұсқа мәтін (ағылш.)It is a period of civil war. Rebel spaceships, striking from a hidden base, have won their first victory against the evil Galactic Empire.During the battle, Rebel spies managed to steal secret plans to the Empire's ultimate weapon, the DEATH STAR, an armored space station with enough power to destroy an entire planet.Pursued by the Empire's sinister agents, Princess Leia races home aboard her starship, custodian of the stolen plans that can save her people and restore freedom to the galaxy....— Кіріспе
3D-да қайта шығарылым 2010 жылы 28 қыркүйекте барлық алты фильм 3D форматқа айналдырылатыны жарияланды. Оларды ішкі хронология бойынша қайта шығару жоспарланып, 2012 жылы ақпанда бірінші эпизоды 3D-форматта көрсетілді. Алайда, 2012 жылы 30 қазанда The Walt Disney Company компаниясының Lucasfilm компаниясын сатып алатынына байланысты және 2015 жылы "Жұлдыздар шайқасының" жаңа эпизоды шығатыны хабарланған соң, бұл идеядан бас тартып, барлық күшті жаңа трилогияға жұмсау шешілді.
Рөлдерде АктёрКейіпкерМарк ХэмиллЛюк СкайуокерХаррисон ФордХан СолоКэрри Фишерханшайым ЛеяДэвид ПроузДарт ВейдерДжеймс Эрл ДжонсДарт ВейдерПитер КушингУилхуфф ТаркинАлек ГиннессОби-Уан КенобиЭнтони ДэниелсC-3POКенни БейкерR2-D2Питер МейхьюЧубаккаФил БраунОуэн ағаШелла ФрейзерБеру тәтеЛарри Уорд (дауыс)Джабба
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:20th Century Fox фильмдері Санат:АҚШ шытырман оқиғалы фильмдері Санат:Жұлдызды соғыстар Санат:АҚШ фантастикалық фильмдері Санат:Джордж Лукас фильмдері Санат:Үздік визуалды әсерлер үшін Оскар сыйлығының иегерлері (фильмдер)