Қызыл кезқұйрық () – сұңқартәрізділер отряды қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Еуропада, Кавказда, Иранда, Кіші Азияда және Африканың солтүстік-батысында кең тараған (тек ормансыз жазықтар мен өте биік таулы аймақтарда кездеспейді). Сирек түрлері, әлемдегі жалпы саны 17-28 мыңға бағаланадыHagemeijer, W.J.M. and Blair, M.J. (1997) The EBCC Atlas of European Breeding Birds: Their Distribution and Abundance, T. and A.D. Poyser, London., олардың басым көпшілігі Францияда, Германияда және Испанияда ұя салады. Түрлі ұлттық және халықаралық келісімдерге қорғалған: Балтық аймағындағы сирек құстардың тізіміне енгізілген, Халықаралық сауда туралы конвенцияның (СИТЕС) 2 қосымшасында, Бонн конвенциясының 2-қосымшасына, Ресей Федерациясының Қызыл кітабына енгізілген. Сипаттамасы Шәулісінің қанатының ұзындығы 41 – 51 см, құйрығының ұзындығы 25 – 28 см, ұябасары сәл ірілеу. Салмағы 1000 г-ға жетеді. Басқа жыртқыш құстардан айырмашылығы: құйрығының ұшы айыр. Ол әсіресе қалықтап ұшқанда жақсы байқалады. Арқасы қара қоңыр, қоңыр сұр түсті, басы ақшылдау, ал бауыры – ұзына бойына орналасқан қара дақты, сарғыш қоңыр. Ұшып жүргенде қанат астындағы ақ дақ жақсы көрінеді. Жас құстардың реңі басқаша: қауырсындары бурыл, денесі қызғылт қоңыр теңбілді және құйрық қанаттарының ұшы ақ. Кезқұйрық – жыл құсы. Наурызда Қазақстан аумағына ұшып келеді. Сәуірдің ортасында ағаш басына (негізінен еменнің), жартасқа ұялайды. Ондағы 2 – 3 жұмыртқаны ұябасары 30 күндей шайқайды. Балапандары 45 күннен кейін ұядан ұшады. Тамыздың аяғы – қыркүйектің басында топталып, жылы жаққа – Африка мен Оңтүстік Азияға ұшып кетеді. Әлсіз жыртқыш болғандықтан негізгі қорегі – жануарлар өлексесі, ұсақ кемірушілер, тауықтәрізділер мен су құстарының балапандары, кесірткелер, жыландар, бақалар, су бетінде қалқып жүрген өлі балықтар, моллюскілер. Өлексені, т.б. қалдықтарды, зиянды кемірушілерді жеп пайда келтіреді.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Сұңқартәрізділер Санат:Нағыз кезқұйрықтар Санат:Еуразия құстары Санат:Африка құстары Санат:Мадагаскар құстары Санат:Аустралия құстары Санат:1783 жылы зерттелген жануарлар