Мәдениет каналы – Сырдарияның сол аңғарында орналасқан. Қызылжарма ауылы тұсынан солға бөлінетін канал, 1961 жылы салынған.

Гидрологиялық сипаты Су өткізгіштігі 44 м3/с, ұзындығы 87,2 км, бойындағы гидротехникалық құрылыстардың жалпы саны 44. Канал суы Мәдениет ауылының 27872 га егістігін, бау-бақшасын және шабындық жерлерін суғарады және суландырады. Бұдан басқа 899-бекет жанында, Қызылжарма ауылы тұсында ұзындығы 384,7 км, су өткізгіштігі 226 м2/с болатын сол жағалық үлкен канал бар. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қызылорда облысы каналдары