Хьюстондағы Көркем өнерлер мұражайы (, қысқаша MFAH) — АҚШ-тың ең ірі көркем өнер мұражайларының бірі және Техастағы ең ірі мұражай. Тұрақты мұражай топтамасы алтымыңжылдық тарихы бар 63 мыңнан астам экспонатты қамтиды.
Мұражайдың негізгі топтамалары негізінен екі көршілес құрылыста орналасқан (жерасты өтпе жолмен біріктірген) — Одри Джонс Бек () және Кэролайн Висс Лоу () ғимараттарында.
Сонымен қатар, мұражайдың құрамына Лилли және Хью Рой Каллен (ағыл. The Lillie and Hugh Roy Cullen Sculpture Garden) мүсіндер бағы, Өнер мектебі мен Глэсселла () бастауыш мектебі, Байю-Бенд бақтары () және Риенци (Rienzi) ғимараты кіреді.
Мұражай топтамасы XV—XVI ғасырлардағы еуропалық кескіндеме XV—XVI ғасырлардағы еуропалық кескіндеме топтамалары мына суретшілердің суреттерімен ұсынылған: Рогир ван дер Вейден ("Мадонна сәбимен", 1454-тенкейін ), Ганс Мемлинг ("Егде әйелдің портреті", 1468-1470), Сандро Боттичелли ("Сәби Иса Мәсихке тағзым ету", 1500 ж. жуық), Бартоломео Венето ("Ер азаматтың портреті", 1512, және "Әйел портреті", 1520-шы жыл), Себастьяно дель Пьомбо ("Антон Франческо Альбицци", 1525), Лукас Кранах ("Лукрецияның өзіне қол жұмсауы", 1529), Якопо Бассано және Франческо Бассано Кіші ("Мәсіх Мария, Марта және Лазарьдің үйінде", 1576-1577) және басқалар.
XVII—XVIII ғасырлардағы еуропалық кескіндеме
XIX—XX ғасырлардағы еуропалық кескіндеме
Америкалық кескіндеме
Дереккөздер
Санат:АҚШ мұражайлары Санат:Хьюстон Санат:1900 жылы құрылған мұражайлар