Шижаға — Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, Аққұм ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Арал қаласынан солтүстікке қарай 18 км-дей жерде. Шаған ақын бейітінен басталып кең көлемді алып жатқан елді мекен.
Тарихы Ауыл 1957-96 жылдары асыл тұқымды қаракөл қойын өсіретін «Арал» кеңшарының орталығы болған. Бұрын бұл жер «Октябрь» колхозы болып аталған. Жан-жағын жағалай ши деп аталатын өсімдік қаптап өскен соң, бұл жер «Шижаға» деп аталып кеткен. « Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2423 адам (1302 ер адам және 1121 әйел адам) болса, 2009 жылы 2198 адамды (1133 ер адам және 1065 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Дереккөздер
Санат:Арал ауданы елді мекендері