№93-темір жол айрығы "Үкілісай" — Қызылорда облысы Арал ауданы, Бекбауыл ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол айрығы.

Географиялық орны Облыс орталығы - Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 495 км-дей, Арал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 105 км-дей жерде орналасқан.

Тарихы 1904 жылы теміржол құрылысы кезінде негізі қаланған. Елді мекендегі халықтар теміржол саласында жұмыс жасаған. ХХ ғасырдың 50-жылдары елді мекенде алғаш бастауыш мектеп ашылған. Үкілісай ауылы 2005 жылдың наурыз айына дейін Қамыстыбас ауылдық округіне қарасты болып келді, қазіргі таңда Бекбауыл ауылдық округінің қарамағында.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 172 адам (91 ер адам және 81 әйел адам) болса, 2009 жылы 223 адамды (126 ер адам және 97 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Елді мекенде 14 қызметкер бар 1 фельдшерлік-акушерлік мекеме орналасқан. Халықтың басым бөлігі теміржол саласында жұмыс жасайды.

Дереккөздер

Санат:Арал ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол айрықтары