Жетікөл — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, Жетікөл ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Тереңөзек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 78 км-дей жерде.
Тарихы Іргесі 1957 жылы қаракөл қойын өсіретін Аманкелді атындағы кеңшар бөлімшесінің орталығы ретінде қаланған. «Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 969 адам (520 ер адам және 449 әйел адам) болса, 2009 жылы 794 адамды (420 ер адам және 374 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Дереккөздер
Санат:Сырдария ауданы (Қызылорда облысы) елді мекендері