Twenty One Pilots — бұл тобын көбінісе twenty one pilots немесе TWENTY ØNE PILØTS деп ұқсатады.) — Америкалық дуэт, (Огайо штаты) Колумбус қаласынан. Бұл топ 2009 жылы құрылды. Оның құрамына Тайлер Джозеф, Джош Дан кірді. Олар өз күшімен екі альбом шығарды; Twenty One Pilots және "Regional at the Best". 2012 жылы олар "Fueled by Ramen" - атты лейблімен келісімшартқа отырып, 2013 жылы студиялық альбом "Vessel"-ді шығарды. 2015 жылдың 19 мамырында топ "Blurryface" атты студиялық альбом шығарды.

Тарихы 2009-2011: Тобының құрылуымен және оның алғашқы альбомы Twenty One Pilots-тың шығарылуы Топ 2009 жылы Огайо штатындағы Колумбус қаласында құрылды. Оны құрған өзара дос колледж студенттері: Тайлер Джозеф, Ник Томас және Крис Салих еді. Топты «Twenty One Pilots» - деп Тайлер атады. Бұған, ол оқыған Артур Миллердің "Бәрі де менің ұлдарым" деген пьессасы себеп болды. Бұл пьессада екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бір адаммен болған оқиға баяндалады. Ол адам өзінің отбасының қамы үшін заңсыз кәсіппен айналысып, әскерге жарамсыз қосалқы бөлшектер дайындап тұрған. Кейін, бұл жағдай жиырма бір ұшқыштың апатқа ұшырауына себеп болады. Топты осылай атауына, ол дәл осы болған оқиға әсер етті деп түсіндіреді.

Топтың мүшелері Ағымдағы құрам Тайлер Джозеф — вокал, укулеле, бас-гитара, бубен (2009 — қазіргі уақыт) Джош Дан — дабыл(барабан), труба, бубен, (2011 — қазіргі уақыт ) Бұрынғы мүшелер Крис Салих — барабандар, перкуссия, бэк-вокал Ник Томас — гитара, бас-гитара, пернелі аспаптар, бэк-вокал

Дискографиясы Студиялық альбомдар Twenty One Pilots (2009) Regional at Best (2011) Vessel (2013) Blurryface (2015) Trench (2018) Scaled and Icy (2021) Clancy (2024) Breach (2025)

Концерттік альбомдар Blurryface Live (2016)

Шағын альбомдар Johnny Boy (2009) Three Songs (2012) Migraine (2013) Holding on to You (2013) Quiet Is Violent (2014) The LC LP (2015) Double Sided (2016) TOPxMM (2016) Jumpsuit / Nico and the Niners (2018) Triplet EP (2018) Бейнеграфия КлипШығуHolding On To You12 қараша 2012Guns For Hands7 қаңтар 2013Car Radio19 сәуір 2013House Of Gold2 қазан 2013Truce31 желтоқсан 2013Ode To Sleep31 желтоқсан 2014Fairly Local17 наурыз 2015Tear In My Heart6 сәуір 2015Stressed Out27 сәуір 2015Ride13 мамыр 2015Lane Boy20 шілде 2015Heathens21 маусым 2016Shy Away7 сәуір 2021

Дереккөздер

Санат:АҚШ инди рок топтары Санат:АҚШ инди поп топтары Санат:АҚШ алтернативты рок топтары Санат:2009 жылы құрылған музыкалық ұжымдар