Марат Шамұратұлы Хасанов (29 қыркүйек 1941 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы) – философия ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990).
Өмірбаяны Мәскеу мемлекеттік университетін (1970) және аспирантурасын (1974) бітірген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында ассистент (1970–1971) ҚазҰУ-да ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1975–1995) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік аттестациялық комитеті төрағасының орынбасары (1995–1997) Қазақстан Республикасы ғылым министрлігі-ғылым академиясында ғылыми кадрларды аттестациялау департаменті директорының орынбасары (1997-2000) ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі (2000–2003) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Бөбек» ұлттық қорының «Адамның дамуы» институтының директоры (2003–2005) қызметтерін атқарды. 2005 жылдан ҚазҰУ-да профессор. 2001 жылдан «Еуразия» журналының бас редакторы.
Ғылыми еңбектері 1987 жылы «Целое и часть как категории материалистической концепции развития» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 80-нен астам ғылыми жарияланымның, 2 монографияның авторы.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:29 қыркүйекте туғандар Санат:1941 жылы туғандар Санат:Тасқала ауданында туғандар Санат:Қазақстан философтары Санат:Философия ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары