Энн (Анна) Бронте (; 17 қаңтар 1820, Торнтон, Уэст-Йоркшир, Ұлыбритания — 28 мамыр 1849, Скарборо, Норт-Йоркшир) — ағылшын жазушысы және ақын, үш Бронте апалы-сіңілілердің кішісі. «Агнес Грей» және «Уайлдфелл Холлдан келген бөгде қыз» романдарының және біраз өлеңдердің авторы болып саналады.
Өмірбаяны Энн Бронте ирландық кедей дін қызметшісі мен оның әйелі Мария Бренуэллдің кіші қызы болатын. Оның анасы Эннге екі жас толмастан дүниеден кеткен болатын. Өмірінің үлкен бөлігін Энн Хоэрт қыстағында өткізді. Екі жыл бойы Роу Хэд мектебінде білім алғаннан кейін ол гувернантка болып жұмыс істей бастады және Бронте апалы-сіңілілердің ішіндегі осы салада жетістікке жеткен жалғыз қыз атанды. Ингэм отбасына жұмысқа орналасуындағы сәтсіздігіне қарамастан, қыз ары қарай бес жыл бойы Робинсон отбасының балаларын тәрбиелеп, оларға білім берді.
Санат:Англия жазушылары Санат:Ұлыбритания жазушылары Санат:Ұлыбритания ақындары Санат:Туберкулёзден қайтыс болғандар