Ерденбек Ниетқалиев (25.5.1914, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Қамысты ауылы – 2.2.1945) – Кеңес Одағының Батыры (24.3.1945).
Алматы малдәрігерлік институтын (қазіргі ҚазҰАУ-ті) бітірген соң (1936), Қызылорда облысына қызметке жіберіледі. 1939 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Атты әскер дивизиясында эскадрон командирі болды. Польша жеріндегі Рарцебур қаласы маңындағы Рарцебур тас жолын қорғауда Ниетқалиев эскадроны ерекше ерлік көрсетті. Шайқас барысында жаудың 400 солдаты мен офицері, 3 ауыр зеңбірегі, 6 станокты пулеметі жойылып, 80 солдаты мен 5 офицері тұтқынға алынды. Осы шайқаста Ниетқалиев қазаға ұшырады. Ленин, Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Москваны қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған.
Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Санат:1914 жылы туғандар Санат:1945 жылы қайтыс болғандар Санат:Жәнібек ауданында туғандар Санат:Ұлы Отан соғысы кавалеристері Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО капитандары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Ерлігі үшін медалінің иегерлері (КСРО) Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар