Мейми Женева Дауд Эйзенхауэр (; 14 қараша 1896 – 1 қараша 1979) – Америка Құрама Штаттарының президенті Дуайт Эйзенхауэрдың әйелі және 1953-1961 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші ханымы.
Өмірбаяны солға|нобай|213x213 нүкте|Он жеті жасар Мейми Эйзенхауэр Бун, Айова штатында 1896 жылы дүниеге келді. Етті ораушы Джон Шелдон Дауд пен Эливера Матильда Карлсон-Даудтың отбасында дүниеге келді. Миейми Сидар-Рапидста, Колорадо-Спрингс, Денверде жайлылықта өсті. Қыста олар Сан-Антонинода тұрды. Оның әкесі ет өндірісінде көп ақша тауып, 36 жасында зейнетке шығады. Мейми және оның үш әпкесі үлкен үйде бірнеше қызметкерлермен бірге өсті.
Мейми Дуайт Эйзенхауэрдты Сан-Антониода 1915 жылы қазанда мисс Уолкотт мектебін бітірісімен кездестірді. Эйзенхауэр 1916 жылы Киелі Валентин күніне оған Әскери академияның мөрінің миниатюрасымен сақина сыйлайды. солға|нобай|191x191 нүкте|Күйеуінің инагурациясына Мейми киген әйгілі көйлек Лейтенант Дауйт Эйзенхауэр жиырма бес жасында он тоғыз жасар Мейми Эйзенхауэрге 1916 жылы 1 шілдеде қалыңдықтың ата-анасының үйінде Денвер, Колорадода үйленеді. Неке тойынан кейін жас жұбайлар бал айына бірнеше күнге Эльдорадо Спрингс, Колорадодағы шипажайға және Абилендегі күйеудің ата-анасына барып қайтты. Содан кейін олар Сан Хьюстонда орналасты.
Балалары Эйзенхауэр жұбайларында екі бала болды (соның ішінде тек біреуі үлкен жасқа жетті): Дауд Дуайт Эйзенхауэр (24 қыркүйек 1917 – 2 қаңтар 1921) қызамықтан қайтыс болды. Джон Шелдон Дауд Эйзенхауэр (3 тамыз 1922 – 21 желтоқсан 2013) – сарбаз, дипломат, жазушы. Денверде дүниеге келді, 1944 жылы Әскери академияны аяқтады.
АҚШ-тың Бірінші ханымы Қоныс тойын олар Ақ үйде сейіл ретінде өткізді. Эйзенхауэрлер мемлекет басшыларын және басқа мемлекеттерден келген көшбасшыларды қарсы алатын. Бірінші ханым ретінде, Меймидің қылығы, сәнді киімге деген махаббаты, асыл тастары және күйеуі мен үйі үшін мақтаныш оны өте танымал етті. Күйеуінің инагурациясына киіген көйлегі Ұлттық американдық тарих мұражайында ең керемет деп танылған.
Ол Бірінші ханымның міндеттерін жақсы орындады, алайда жеке өмірін қатаң қорғады. Меньер ауруының салдарынан Мейми ұзақ уақыт бойы тепе-теңдік ұстай алмады. Бұл оның ішімдікке құмарлығы жайында өсек таралуына себепші болды.
Миссис Эйзенхауэр үнемшіл адам ретінде белгілі болды. Ол Ақ үйдің жұмыскерлеріне әрдайым купонда қиып алып, тарататын.
Мейми Эйзенхауэр президент болып сайланғаннан кейін Джон Кеннедидің тезарада Ақ үйге келгеніне разы болмады. Осыдан екі апта бұрын Жаклин Кеннеди Джон Кеннеди-кішіні дүниеге әкелу үшін ота жасатқанына қарамастан, Мейми оған Ақ үйді көрсеткен кезде арнайы орындық беруді ұсынған жоқ. Меймидің көзінше Жаклин өзін керемет ұстады, алайда үйге келісімен ол есінен танып қалды. Меймиден неліктен ол арнайы орындықты ұсынбағаны туралы сұрағанда, ол «өйткені ол мені сұраған жоқ» деп жауап берді.
Өмірінің соңы 1979 жылы Мейми инсультке шалдығып, ауруханаға түседі. Бұл аураханада он жыл бұрын оның күйеуі қайтыс болған еді. Мейми 1979 жылы 1 қарашада дүниеден озады.
Сілтемелер Mamie Doud Eisenhower, Dwight D. Eisenhower Presidential Library Papers of Mamie Doud Eisenhower, Dwight D. Eisenhower Presidential Library Mamie Eisenhower Letters at Gettysburg College Mamie Doud Eisenhower Birthplace, historic house museum in Boone, Iowa Papers of Mary Jane McCaffree (Social Secretary to Mamie Eisenhower), Dwight D. Eisenhower Presidential Library Papers of Dr. Wallace Sullivan regarding Mamie Eisenhower’s medical history, Dwight D. Eisenhower Presidential Library Mamie’s Million Dollar Fudge Recipe, Dwight D. Eisenhower Presidential Library