кіші Дональд Джон Трамп (көбіне кіші Дон делінеді; 31 желтоқсан 1977 жыл, Нью-Йорк) — америкалық кәсіпкер, қазіргі АҚШ президенті Дональд Трамп пен әйелі Ивана Трамптың үлкен ұлы.
Трамп — әкесінің The Trump Organization ұйымындағы лауазымды қызмет иесі және Эрик Трамппен бірге атқарушы вице-президенті. Олай істемейміз дегеніне қарамастан, екі ағайынды әкесінің президенттігі кезінде шетелде бизнес пен инвестиция жасап және шетелдік үкіметтерден АҚШ-тағы мүліктеріндегі төлемдерін жинап жүрді. Кіші Трамп, оған қоса, Кандидат реалити-шоуындағы рөлі үшін белгілі.
Трамп әкесінің 2016 жылғы президенттік науқанында белсенді болды. Ол 2016 жылғы АҚШ сайлауына Ресеймен араласып, ресейлік заңгермен кездесіп жүрді, сайлануға барған Хиллари Клинтон туралы жалған ақпарат таратты.
Ол бірнеше қастандық теорияларын да алға тартты.
Кіші Дон, оған қоса, әкесінің 2020 жылғы сайлауалды кампаниясына да белсенді қатысты, кейде дәлелсіз тұжырым жасағаны үшін де қоғам назарына ие болды. Сайлау кезінде әкесінің жеңіліске ұшырағанынан кейін ол нәтижелерді өзгертуге тырысты. Ол кейін АҚШ Капитолийінің басып алынуына алып келген бір митингте де сөз сөйледі.
2024 жылғы Республикалық ұлттық конвенцияда ол досы Джей Ди Вэнсты таныстырды, Вэнс кейін бұрынғы президенттің 2024 жылғы сайлаудағы серіктесі болып, АҚШ вице-президенті болып сайланды.
Ерте жылдары Трамп 1977 жылғы 31 желтоқсанда, Нью-Йорк қаласының Манхэттен ауданында туған. Ата-аналары — Дональд пен Ивана Трамптар. Одан кіші тағы екі ағайындысы, Иванка мен Эрик бар. Трамптың, оған қоса, әкесінің Марла Мейплзбен некесінен Тиффани есімді бір қандас қарындасы және Меланья Трамппен некесінен Баррон есімді бір қандас інісі бар. Трамп — Фред Трамптың немересі және The Trump Organization-нің негізін салған Элизабет Трамптың шөбересі. Бала кезінде Трамп Прагаға жақын жерде үйі бар нағашы атасы Милош Зельничектен үлгі тапты, ол жазда лагерьде балық, аң аулаумен айналысып, одан чех тілін үйренді.
Трамп 12 жаста болғанда оның ата-анасы ажырасқан еді. Бұл үлкен Трамптың әйеліне жасаған опасыздығынан орын алды; Трамп басқа бір әйелмен әдепсіз қатынаста болған. Кіші Трамп ажырасудан кейін бір жыл бойы әкесінен бөлек кетіп, отбасын бұзған әрекеттеріне ашуланған.
Мектеп бітіргенінен кейін кіші Трамп Пенсильвания университетінің Уортон бизнес мектебінде оқып, 2000 жылы экономика ғылымдарының бакалавры болды.
Мансабы нобай|оңға|кіші Трамп, 2009 жыл Оқуын бітіргелі кіші Трамп әкесінің бастамаларына көмектесіп жүрген. Ол бірнеше құрылыс жобаларын, соның ішінде Уолл-стрит, 40, Трамп халықаралық қонақүйі және мұнарасы, сияқты жобаларда үлес қосқан. 2006 жылы ол The Trump Mortgage ипотекалық брокерлігінің ұйымдастырылуына көмектесті. Бір жыл өтпей бұл компания сәтсіз болып, ыдырап қалды. 2010 жылы ол Cambridge Who's Who деген баспаның өкілі және «жаһандық брендингінің атқарушы директоры» болды, баспа жайлы кейін Better Business Bureau-ға жүздеген шағымдар жіберілген.
The Trump Organization 2017 жылғы 11 қаңтарда кіші Трамп оның ағасы Эрик екеуі әкесі президент болғанда мүдделер қақтығысын болдырмау үшін Трамп ұйымының активтерін қамтитын трастты қадағалайтынын хабарлады.
Трамп Украина президентінен Джо Байден мен оның ұлы Хантер Байденді тергеуді сұраған Трамп-Украина жанжалы тұсында кіші Трамп Хантер Байденді непотизмге және әкесін қаржылық пайда алу құралы ретінде пайдаланды деп айыптап, қатты сынға алды. Кіші Трамп: «Адам деген әке болса және ұлының бүкіл мансабы соған байланысты болса, бұл адам ұлына иелік етеді деген сөз», – деді. Бұл сөздері үшін кіші Трамп келекеленді. Кіші Трамп әкесінің бизнесінде жоғары деңгейдегі басшы болып табылады және берген уәдесіне қарамастан, Трамптың президенттігі кезінде бүкіл әлем бойынша отбасының бизнесін басқарып, алға жылжытуды жалғастыра береді. The Washington Post кіші Дональдтың Трамп президенттігі кезінде шетелмен бизнес жасамаймыз деген уәдесін жоққа шығарды.
Үлкен Дональд Трамптың бизнес кезінде алаяқтық жасады деген айыбымен байланысты 2024 жылғы 16 ақпанда судья кіші Трампқа Нью-Йорктегі кез келген корпорациясының немесе басқа заңды тұлғаның, соның ішінде The Trump Organization ұйымының офицері немесе директоры ретінде екі жыл бойы қызмет етуге тыйым салды.
Саяси мансабы нобай|оңға|кіші Трамптың әкесінің сайлауалды кампаниясы ретінде сөз сөйлеуі, Айова, 2016 жылғы қараша 2016 жылғы президент сайлануы 2016 жылғы президенттік сайлау алдында кіші Трамп әкесі науқанының орталық мүшесі болды, The New York Times оны «жақын саяси кеңесші» деп те сипаттады. Ол Республикалық Ұлттық съезде ағайындылары Иванка, Эрик пен Тиффанимен бірге сөз сөйледі.
Әкесінің 2016 жылғы сайлаудағы жеңісінен бергі кіші Трампты The Washington Post газеті «оңшыл арандатушы және Трампизмнің жалынды қорғаушысы кейіпкерін ойнап жүр» деді. The Atlantic 2019 жылы үлкен Трамп кіші Трампты 2017 жылы «тартпадағы ең өткір пышақ емес» деп сипаттағанын хабарлады.
Трамп мұнарасындағы кездесу 2016 жылғы 9 маусымда кіші Трамп әзербайжан-ресейлік кәсіпкер Эмин Ағаларовтың атынан публицист Роб Голдстоун ұйымдастырған кездесуге қатысты. Кездесу Манхэттендегі Трамп мұнарасында болды және оған кіші Трамп, Джаред Кушнер мен Пол Манафорт және ресейлік заңгер Наталия Весельницкая, оның аудармашысы Анатолий Самочорнов, ресейлік-америкалық лоббист Ринат Ахметшин және Арас Ағаларов басқаратын жылжымайтын мүлікті дамыту компаниясының аға вице-президенті және грузин-америкалық Айк Кавеладзе қатысты.
Шамамен бір жылдан кейін кіші Трамп БАҚ өкілдеріне кездесудің басты тақырыбының алдымен ресейлік балаларды асырап алу болғанын айтты. 2017 жылғы 8 шілдеде кіші Трамп Twitter-де Голдстоунмен болған электрондық пошта әңгімесін жазды. Ол кіші Трамптың Хиллари Клинтонға зиян келтіретін ақпаратты алатынын түсініп, кездесуге қатысуға келіскенін көрсетті. Голдстоун сондай-ақ кіші Трамптың көпшілікке жария еткен электрондық пошталарының бірінде Ресей үкіметінің кездесуге қатысы болғанын айтты. Ресейге қатысты тергеуге жауапты Әділет департаментінің арнайы кеңесшісі Роберт Мюллер электрондық хаттар мен кездесуді зерттеді. Ақ үй кіші Трампты ашықтығы үшін мақтағанымен, ол электронды хаттарды The New York Times оларда бұл хаттар бар екенін және олар туралы мақала жарияламақшы болғанын хабарлаған соң ғана шығарды.
WikiLeaks жанжалы 2017 жылғы қарашада Джулиан Ассанж 2016 жылғы президенттік сайлау кезінде кіші Дональд Трамппен хат алмасу үшін WikiLeaks Twitter аккаунтын пайдаланғаны туралы хабар тарады. Кіші Трамп бұл хат-хабарды 2016 жылғы сайлауға Ресейдің араласуын зерттеген конгресс тергеушілеріне берген болатын.
Трамптың 2016 жылғы президенттік сайлауда жеңілетіні белгілі болғанда WikiLeaks Трампты сайлау нәтижелерінен бас тартуға шақырды. WikiLeaks, оған қоса, Трамптың WikiLeaks басшысы Ассанжты өлтірмек болды деген жалған тұжырымын алға тартқанын сұрады. WikiLeaks жария қылған Хиллари Клинтонның жұмыс эмейлдерін және оларды реттейтін сайтын кіші Трамп қолдады, өз әлеуметтік желісінде таратты да.
нобай|оңға|кіші Трамп, 2024 жыл Өзге ісі 2007 жылы кіші Трамп сол кездегі сенатор Хиллари Клинтонның Демократиялық партиядан президенттікке кандидат болу науқанына 4,000 доллар берді.
Әкесі 2020 жылғы сайлауда жеңіліске ұшырамас бұрын, кіші Трамп 2024 жылғы президенттік сайлауға түсе алады деген болжамдар болды. 2020 жылғы қазанда ол Instagram-дағы аккаунтында «кіші Дон 2024» жалауының суретін жариялады.
АҚШ үкіметтік агенттіктерінен қаржыландыру іздейтін жобаға қатысуы мүдделердің тікелей қақтығысын туындататынына қарамастан, Трамп пен Эрик Трамп Қазақстанның орталық бөлігіндегі құны 1,1 миллиард доллар болатын ірі вольфрам өндіру жобасында қаржылық үлеске ие. Бұл жобаның АҚШ-тың Экспорттық-импорттық банкі () мен Халықаралық даму қаржы корпорациясы () сияқты үкіметтік агенттіктерден қаржылық алатыны әбден мүмкін.
Саяси ұстанымы Нәсіл және иммиграция Әкесінің президенттік науқаны кезінде кіші Трамп 2016 жылы сириялық босқындарды Скиттлстермен салыстырған суретін жариялап, дау тудырды: «Егер менде бір тостаған Скиттл болса және мен саған үшеуі ғана сені өлтіреді десем, бір уыс аласың ба? Біздің сириялық босқындар мәселесі осындай». Skittles жасаушылар туиттерді айыптап, Скиттлдер — босқындар деп есептейміз деді. Като институты сол жылы «босқын жасаған лаңкестік шабуылда америкалықтың өлу мүмкіндігі жылына 3.64 миллиардтан бір болатын» деп мәлімдеді.
2016 жылғы ақпанда The Daily Stormer басылымының неонацист редакторы Эндрю Англин кіші Трампты оның неонацистік көзқарастарына барынша жанашыр болған Трамп президенттік кампаниясының мүшесі деп санайтынын айтты. Ол: «Біз Трампты Құдай император ретінде мем қылсақ та, кіші Дональд Трамптың нағыз Құдай император бола алатыны шын» деді.
2016 жылғы 1 наурызда ақ нәсілшіл Джеймс Эдвардс пен кіші Трамп сұхбаты жарияланды. Сайлауалды кампания бастапқыда сұхбаттың болғанын жоққа шығарды; кейінірек кіші Трамп мұны әдейі емес деді. Сұхбат нәтижесінде негізгі бұқаралық ақпарат құралдары кіші Трампты ақ геноцидтің геноциді қастандық теориясына сенуші болды, не саяси пайда үшін соның жақтаушысы болып көрінді деп айыптады.
Қастандық теорияларын таратуы нобай|оңға|кіші Трамптың сөз сөйлеуі, 2020 жыл 2018 жылғы мамырда кіші Трамп еврей-мажар-америкалық кәсіпкер және филантроп Джордж Соросты «неміс концлагерьлерінде өлтірілу үшін басқа еврейлерді тапсырып, олардың байлығын ұрлаған нацист» деген жалған және антисемиттік қастандық теориясын қолдаған бірнеше туит бөлісті. Соростың баспасөз хатшысы туиттерге былай деп жауап берді: «Джордж Сорос 13 жасар бала кезінде Мажарстандағы нацистік оккупациядан өз отбасын және басқа да еврейлерді сақтап қала алған әкесінің көмегімен жасырынып, жалған есім қабылдап, аман қалды».
2018 жылғы маусымда кіші Трампқа Трамп әкімшілігінің отбасыларды бөлу саясатына байланысты ата-анасынан айырылған мигрант балалар іс жүзінде актер болғаны туралы туиттерге лүпіл қойды.
2018 жылғы тамызда кіші Трамп Instagram-да CNN президент Трампты мақұлдау рейтингін 50% деп хабарлады деген жалған, өңделген сурет бөлісті. CNN-нің шынайы есебінде Трамптың рейтингі 40%-ды құрады, бұл Барак Обаманың президенттігінің сол кезеңінде 45%-дан төмен. Кіші Трамп суретті екі күннен кейін жойды.
2020 жылғы мамырда кіші Трамп Джо Байденді педофил деп жалған айыптады.
Ресей 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кіргенде кіші Трамп АҚШ пен Украина биологиялық қару жасап жатыр деп мәлімдеген Ресей мемлекетінің негізсіз үгіт-насихатын қолдады.
COVID-19 жайлы жалған ақпарат 2020 жылғы 29 қазанда кіші Трамп БАҚ-тың өлімге емес, жаңа инфекцияларға назар аударуын сынап, Fox News арнасында: «Неге олар өлімдер туралы айтпайды? О, о, өйткені олардың саны дерлік емес. Өйткені біз мұны өз бақылаумызға алдық және оның қалай өзгеретінін біліп тұрмыз». Кіші Трамп бұл пікірді айтқан күні Америка Құрама Штаттарында шамамен 1,000 COVID-19 өлімі тіркелді.
Басқалары 2016 жылы кіші Трамп Instagram-да ақ нәсілді ұлтшылдар мен нәсілшілдер пайдаланатын бақа Пепенің Трамп нұсқасы бар фотосуретін жариялады. Кіші Трамп бұл постын қорғап, оның айыпталғанын «күлкілі» деді.
2017 жылғы 31 қазанда кіші Трамп Twitter-де өзінің үш жасар қызының Хэллоуин кәмпитінің жартысын алып кететінін жазып, «оған социализм туралы үйрету ешқашан да ерте емес» деп айтты.
2020 жылғы сайлауды жоққа шығару талпынысы Трамптың әкесінің 2020 жылғы қарашадан бастап 2020 АҚШ президент сайлауын бұзу әрекетінде маңызды рөлі атқарып келді. Ол әкесіне сайлауды бұзуға көмектеспеген республикашыл заң шығарушыларды қорқытты. 2020 жылғы қарашада ол АҚШ-тағы 2020 жылғы сайлауда дауыстарды санауды аяқтаудың орнына «толық соғысты» жақтады.
Сайлау нәтижесінде үлкен Трамп жеңілді де, ол АҚШ халқын наразылық ретінде Капитолий ғимаратына шақыртты да, халық күштеп кіріп, терезелерді сындырды да және вандализммен айналысты. Бір әйел қаза тапты, полиция қызметкері мен тағы үш адам басып кіру кезінде немесе одан кейін көп ұзамай қайтыс болды.