thumb|left|Виктория қаласының көрінісі Виктория (Порт-Виктория; ) — Сейшел аралдарының астанасы, елдің ең ірі қаласы. Маэ аралының солтүстік-шығыс жағалауында орналасқан. Халық саны — 24 970 адам (2002).

XVIII ғасырда порт ретінде негізделді және ағылшын патшайымы Виктория құрметіне Порт-Виктория деген атау берілді. 1960 жылдан бастап қаланың атауы Виктория деп өзгертілді.

Виктория Африка — Үндістан бағытымен жүретін кемелерді отынмен қамтитын база болып табылады.

Қалада политехникум, университет, аурухана, 1971 жылы салынған әуежай, тарих және жаратылыстану мұражайлары орналасқан.

Сілтемелер Викторияның көрнекті жерлеріне шолу

Санат:Сейшел аралдарының қалалары