Құрылымдар, конструкциялар (лат. constructіo — құрастыру, жасау), техникада — машина мен ғимараттардың немесе тораптар құрылысы мен жұмысының сұлбасы, сондай-ақ, машинаның, ғимараттың, тораптың өзі және олардың бөлшектері. Құрылымдар машина бөлшектері мен элементтерінің өзара орналасу ыңғайына, олардың бір-біріне бекітілу тәсілдеріне, өзара әрекеттесуіне және бөлек бөлшектерінің жасалатын затына байланысты болады.Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Конструкциялар