Ерболат Беделхан – 1980 жылы қыркүйек айының 24–жұлдызында Моңғолияда дүниеге келген. Әнші, биші, хореограф, продюссер, актер және сценарийші.
Астана қаласының мемлекеттік филармониясында балет әртісі болған. Қарындасы — Моника Беделхан, QARU (ione тобының лидері). Бауырлары — Есболат Беделхан, Жанболат Беделхан. Жары «Дауыс International» тобының экс-солисті Асыл Беделхан. Лақап аты — Ерка. Анасы Шыңғысханның тікелей ұрпағы. Ол өзінің барлық өмірін шоу-бизнеске арнады. JUZ ENTERTAINMENT-тің негізін қалаушысы
Ерболат Беделханнан алынған сұхбаттан үзінді: –Анаңыздан есте қалған кеңес? –Өмірден түңілмеу. Қандай жағдай болмасын, жігеріңді жоғалтпай, жігіттік намысқа нұсқан келтірмеу. –Махаббат үшін жасаған батыл қадамыңыз? –Менің алғашқы махаббатымда, соңғы махаббатым да — Асыл есімді аяулы жарым. Махаббат жолындағы батыл қадамым деп, өзімді батылдыққа шақырып, Асылға сөз салуым. Мен үшін ерлік осы.
Қазірде Ерболат Беделхан «Орда» тобының солисті, «Ninety One» тобының продюссері. «Ninety One» тобының ең алғашқы бейнебаяны 8-қазанда жарық көрді. Топтың атын неліктен «тоқсан бір» деп қойғанын былай түсіндірді: «91 жылы Қазақстан Республикасы егемендігін алды. Тек еліміздігін еркін емес, музыканың да еркіндігі мағынасында топты осылай атауды ұйғардық» Топ 5 жігіттен құралған. Кенжесі 19-да, үлкені 24-те. (2017)