Эстония ел үкіметімен тағайындалған уезд губернаторы (, мааванем) басқаратын 15 уезге (, мааконд) бөлінеді, 1989—1993 жылдары уездердің өкілеттік органдары болған — уезд кеңестері (maakonnavolikogu) және атқарушылық — уезд басқармалары (maakonnavalitsus). Уездер, өз кезегінде, екі типті муниципалитетке бөлінеді: қалалар () және болыстар ().
Сонымен қатар муниципалдық құрылымның тағы бір түрі — ауылдық болыс (). 2011 жылға қарай Эстонияда алты ауылдық болыс бар: Аэгвийду, Вяндра, Кохтла-Нымме, Лавассааре, Тоотси және Ярваканди. КСРО кезінде осы елді мекендердің барлығы қала үлігісіндегі ауыл статусына ие болған.
Қазіргі кезде Эстонияда 183 болыс бар. Олардың өкілеттік органдары — болыстық жиналыс () немесе қалалық жиналыс (), атқарушы органдары — болыс ажаларынан () немесе қала әкімдерінен () және вице-әкімдерден () тұратын болыстық басқармалар () және қалалалық басқармалар (). Таллин ішкі қалалық әкімшілік-аумақтық бірліктерге бөлінеді — қала аудандары (). Қала ауданының басшысын қала ауданының ажасы басқарады ().
Уездер тізімі #УездӘкімшілік орталығыАумағыХалқы 1 border|23px Хийумаа Кярдла 1023 км² 10 289 2 border|23px Сааремаа Курессааре 2922 км² 35 356 3 border|23px Ляэнемаа Хаапсалу 2383 км² 28 101 4 border|23px Рапламаа Рапла 2980 км² 37 093 5 border|23px Пярнумаа Пярну 4807 км² 89 660 6 border|23px Харьюмаа Таллин 4333 км² 521 410 7 border|23px Ляэне-Вирумаа Раквере 3465 км² 66 743 8 border|23px Ида-Вирумаа Йыхви 3364 км² 174 809 9 border|23px Ярвамаа Пайде 2623 км² 38 255 10 border|23px Йыгевамаа Йыгева 2604 км² 37 647 11 border|23px Вильяндимаа Вильянди 3422 км² 56 854 12 border|23px Тартумаа Тарту 2993 км² 148 872 13 border|23px Пылвамаа Пылва 2165 км² 31 954 14 border|23px Вырумаа Выру 2305 км² 38 967 15 border|23px Валгамаа Валга 2044 км² 35 059
Санат:Эстонияның әкімшілік бөлінісі