Аққошқар — Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне бағынысты Ашутасты ауылдық округі құрамындағы ауыл, 2019 жылға дейін қысқарған Аққошқар ауылдық әкімдігі орталығы болды.

Географиялық орны Арқалық қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 57 км-дей жерде орналасқан.

Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 811 адам (408 ер адам және 403 әйел адам) болса, 2009 жылы 629 адамды (332 ер адам және 297 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Арқалық қалалық әкімдігі елді мекендері