Орнелла Мути (, шын аты Франческа Романа Ривелли, ; 9-наурыз, 1955, Рим) – итальяндық киноактриса.

Өмірбаяны 1955 жылы 9 наурызда Римде дүниеге келген. Әкесі неаполитандық, анасы Эстониядан келген балтық неміс әйелі.

Еңбек жолы Кинода 15 жасынан бері ойнап жүр. Негізі ол итальяндық фильмдерде түсетін бірақ, 1980 жылы британдық «Флэш Гордон» атты фильмінің түсіріліміне қатысты. 984 жылы Фолькер Шлендорф деген неміс кинорежиссерінің «Свананың махаббаты фильміне» Ален Делонмен бірге қатысты. Сондай-ақ, Мути Марко Феррери, Дино Ризи сияқты итальяндық режиссерлермен жұмыс істеді. Орнелла Мути Канн кинофестивалінің тұрақты және құрметті қонағы. Орыс көрермендерінің арасында Орнелла Мути 1980 жылы түсірілген «Асауды басу» атты фильмімен танымал атанды.

Орнелла Мути үш рет тұрмысқа шыққан.