Қособa — Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл, Қособа ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Aудан орталығы – Жымпиты ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 896 адам (461 ер адам және 435 әйел адам) болса, 2009 жылы 653 адамды (352 ер адам және 301 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 619 адамды (322 ер адам және 297 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы 1961-1997 жылдары қой өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қособaда және округтегі Жырақұдық ауылында ӨК және 64 шаруа қожалығы құрылған. "Қазақ энциклопедиясы", VI-том
Дереккөздер
Санат:Сырым ауданы елді мекендері