Алатау қалалық әкімдігі — Алматы облысындағы әкімшілік бірлік.

Географиялық орны Солтүстігінде Қонаев қаласымен, солтүстік-шығысында Талғар, батысында Іле аудандарымен, оңтүстігінде Алматы қаласымен шектеседі.

Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Алатау қаласы.

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Алатау қаласы 15616 20418 130,8 Арна ауылы 768 1125 146,5 Дәулет ауылы 1193 888 74,4 Еңбек ауылы 440 647 147 Жаңаарна ауылы 750 995 132,7 Жаңадәуір ауылы 1599 4944 309,2 Жаңаталап ауылы 892 2749 308,2 Заречное ауылы 3477 5348 153,8 Қайрат ауылы 206 214 103,9 Қоянқұс ауылы 2249 6300 280,1 Құйған ауылы 880 1003 114 Ынтымақ ауылы 3441 4476 130,1 Дрп - 8 - Малдәрігерлік станса - 10 - Мтф - 11 - Теміржол т/ж айрығы - 3 - Үшарал 56 км - 6 - Жалпы саны 31511 49145 156

Тарихы Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 471 қаулысы және Алматы облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12-62 шешімімен Жетіген ауылдық округінің Қайрат ауылы Талғар ауданы Қайнар ауылдық округінің құрамына берілді.Іле ауданы Жетіген ауылдық округі Қайрат ауылының әкімшілік-аумақтық бағыныстылығын өзгерту туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 411 бірлескен қаулысы және Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 9-54 шешімімен:Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы Талғар ауданының Дәулет, Қайрат ауылдары, Қонаев қаласының Заречный ауылдық округі және Арна, Заречный ауылдары, Іле ауданының Қоянқұс, Ынтымақ, Жаңадәуір, Жаңаталап, Құйған, Жаңаарна, Еңбек ауылдары Іле ауданы Жетіген ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, таратылды; Жетіген ауылдық округі Іле ауданының Жетіген ауылы болып қайта құрылды.

2024 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, Алатау қаласы болып өзгертілді.

Дереккөздер

Санат:Алматы облысы қалалық әкімдіктері