Alekseev (шын есімі Никита Владимирович Алексеев) — 1993 жылы 18 мамырда Киев қаласында дүниеге келген украиналық әнші. Украина дауысы жобасының жартылай финалисті. Алексеевтың Пьяное солнце әні ресейлік iTunes чартында 6 апта бойы бірінші болып тұрды

Өмірбаяны 1993 жылы 18 мамырда Киев қаласында дүниеге келген және 136-гимназияда білім алған. Никитаға бар - жоғы 1,5 жас болған кезде ол отбасысымен Читуға көшіп барған. 2 жыл өткен соң олар Киевке қайта оралады. Алексеев 10 жасында музыкамен шындап айналысты. Оның вокалдан сабақ беретін мұғалімі, киевтік педагог Константин Пона болған. Көп ұзамай Никита балалар Евровидениесіне қатысты, бірақ ешқандай ұтыс ала алмады. Бұдан кейін жас әнші мансап қуу жолында тоқтаған жоқ, ол МОВА атты жаңа топ құрады. Никита Алексеев 2014 жылы «Украина дауысы» жобасының 4-ші маусымына қатысты. Соқыр тыңдау кезінде оған Ани Лорак бұрылған болатын, бірақ ол 1-ші эфирге әрі қарай өткен жоқ. Никитаның ең алғашқы олжалы әні Ирина Билыктың репертуарындағы «А я пливу» әні болған еді және де Алексеев осы әнге клип түсірген болатын, ол клип FDR чартында бірнеше апта бойы 1 орында тұрды. Ирина Билыктың өзі бұл әнді жақсы қабылдады және де оны өзінің «Билык. Жаз. Билейміз!» атты концертіне қатысуға шақырды. 2015 жылдың қазан айында Алексеев өз жанкүерлеріне жаңа «Пьяное солнце» атты әнді ұсынады, әннің сөзін - Виталий Куровский жазса, музыкасын — Руслан Квинта жазады. Ән шыққаннан кейін 1 ай өткен соң Никита жаңа клипін түсіруді бастайды, ал клип режиссері Алан Бадоев болды. Мамыр айының аяғында Никита осы әнімен RU.TV телеканалынан «Жылдың ең үздік композициясы» жүлдесіне ие болады. Жыл нәтижесі бойынша Алексеев «Жыл ашылымы» категориясы бойынша YUNA премиясын алады. 2016 жылдың 18 мамырында Алексеев Киев қаласында "Bel etage" концерт-холлында «Пьяное Солнце» әні бойынша презентациялау өткізді. 2016 жылдың маусым айында Алексеев МУЗ-ТВ премиясының «Жыл Жаңалығы» номинациясына ие болды. 2016 жылдың қараша айында Никта өзінің «Пьяное Солнце» атты альбомының дебюттық презентациясын киевтік "Caribbean Club" –та өткізді, ал 2017 жылы ALEKSEEV өзінің ең алғашқы Бүкіл Украиналық "Пьяное солнце" турына аттанды, тур сиволды түрде 14 ақпан күні басталды. Соңғы концерт 18 мамыр күні, Никитаның туылған күнінде «Октьябрский Дворец»-те өткізілген болатын.

Дискография Студиялық альбомдары Атауы Ақпарат Пьяное солнце Релиз: 2 желтоқсан 2016 Лейбл: Zion Music Формат: Цифрлық дистрибуция

Мини-альбомдары (EP's) Атауы Ақпарат Пьяное солнце (Remixes) Релиз: 20 қаңтар 2016 Лейбл: Zion Music Формат: Цифрлық дистрибуция Держи (EP) Релиз: 25 ақпан 2016 Лейбл: Zion Music Формат: Цифрлық дистрибуция

Арнайы синглдары Атауы Альбом Жылы «Всё успеть» Держи (EP) 2014 «Больно, как в раю»Пьяное солнце2015 «А я плыву» «Пьяное солнце» «Снов осколки» 2016 «ОМА» «Океанами стали» «Чувствую душой» 2017

Видеография Жылы Клип Режиссёры 2014 «Всё успеть» <center>1+1 Production 2015 «А я плыву» <center>Илларион Ефремов және Яна Мазана «Пьяное солнце» <center>Алан Бадоев 2016 «Снов осколки» «ОМА» <center>Илларион Ефремов «Океанами cтали» <center>Алан Бадоев 2017 «Чувствую душой»

Чарттар Жылы Атауы ЧарттарОбщие параметры ротации всех треков исполнителя на радиостанциях, работающих в системе TOPHIT.RU Альбом СНГ (Tophit Барлық Топ-100) Ресей (Tophit Ресейлік Топ-100) Ресей (Tophit Мәскеулік Топ-100) Ресей (Tophit Санкт-Петербургтік Топ-100) Украина (Tophit Украиндық Топ-100) Украина (Tophit Киевтік Топ-100) Audience Choice TopHit 100 СНГ (Tophit Жалпы жылдық) 2014 «Все успеть» 211 1991 — — 343 417 — 318 Держи (EP) 2015 «А я пливу» 46 1774 — — 1 1 152 — Пьяное солнце «Пьяное солнце» 1 1 7 4 2 3 2 9 2016 «Снов осколки»305150 —135117 «Океанами стали»313943 —392320 — «—» ән чартта болмаған

Жүлделер мен Премиялар ЖылыПремияНоминацияНәтижесі2016«Yuna»Жыл Ашылымы «Муз-ТВ» ПремиясыЖыл ЖаңалығыҮздік ән «Пьяное солнце»Премия «RU.TV»Жыл ЖаңалығыЖоғарғы лигаҮзлік ән «Пьяное солнце»M1 Music AwardsЖыл ЖаңалығыЖеңісЖыл әні ( Ресей) " Снов осколки" әні үшінЖеңісTop Hit Music AwardsВзлёт года Ең танымал әнші

Радиода әндері көп тыңдалымға ие әнші

" Пьяное солнце"ЖеңісOOPS! CHOICE AWARDSҮздік клип «Пьяное солнце»Жеңіс

Дереккөздер

Сілтемелер Алексеевтің өмірі жайлы Алексеев Жыл Жаңалығы