«Осасуна» () — Испанияның Памплона қаласындағы футбол клубы. Атауын қазақшаға тікелей аударса "Денсаулық" деген мағына береді.
Тарихы Клуб 1920 жылы құрылған. 1935 жылы бірінші рет Ла лигада өнер көрсетті.
2004/05 жылғы маусымда Испания кубогының финалына шықты де, "Бетистен" ұтылып қалды.
2005/06 жылғы маусымда Испания чемпионатында 4-ші орынға табан тіреді де, 2006/07 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасына қатысты. Үшінші іріктеуде "Гамбургтен" сырт алаңдағы доп басымдығымен ұтылды (0:0, 1:1). Осылайша жарысты УЕФА кубоында жалғастырды. Жартылай финалға дейін жетіп, "Севильядан" жеңілуге мәжбүр болды.
Атақты ойыншылары
Пипа Ганседо (Аргентина) Вальтер Пандиани (Уругвай) Карлос Вела (Мексика) Хавьер Агирре (Мексика) Джавад Некунам (Иран) Джон Алоизи (Аустралия) Ярослав Плашил (Чехия) Саво Милошевич (Сербия) Дмитрий Викторович Кузнецов (КСРО) Рауль Гарсия (Испания) Хуанфран Торрес (Испания) Роберто Сольдадо (Испания) Начо Монреаль (Испания) Франсиско Пуньяль (Испания) Андрес Фернандес Сесар Аспиликуэта (Испания) Хави Гарсия (Испания) Хавьер Мартинес (Испания) Мигель Фланьо (Испания) Йон Андони Гойкоэчеа (Испания)
Сілтемелер
Ресми сайт
Санат:Испания футбол клубтары