Азия-Тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастық ұйымы — Азия-Тынық мұхиты аймағында экономикалық ынтымақтастықты, сауданы және ортақ әл-ауқатты дамыту мақсатында 21 мүше экономиканы біріктіретін өңірлік форум. 1989 жылы құрылған бұл ұйым аймақтағы ортақ мәселелерді шешу үшін диалог пен ынтымақтастық алаңын ұсынады. Ұйым тауарлардың, қызметтердің, инвестициялардың және адамдардың шекаралар арқылы еркін қозғалуын қамтамасыз етуге көмектеседі. Мүше елдер сауданы кедендік рәсімдерді жеделдету, бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту және аймақ бойынша ережелер мен стандарттарды үйлестіру арқылы жеңілдетеді. Штаб- пәтері Канберрада орналасқан. Мүше елдер + Ел Қосылған уақыты Аустралия 6-7 қараша, 1989 Бруней 6-7 қараша, 1989 Канада 6-7 қараша, 1989 Чили 11-12 қараша, 1994 ҚХР 12-14 қараша, 1991 Гонконг 12-14 қараша, 1991 Индонезия 6-7 қараша, 1989 Жапония 6-7 қараша, 1989 Корея Республикасы 6-7 қараша, 1989 Малайзия 6-7 қараша, 1989 Мексика 17-19 қараша, 1993 Жаңа Зеландия 6-7 қараша, 1989 Жаңа Гвинея 17-19 қараша, 1993 Перу 14-15 қараша, 1998 Филлипин аралдары 6-7 қараша, 1989 Ресей 14-15 қараша, 1998 Сингапур 6-7 қараша, 1989 Тайпей 12-14 қараша, 1991 Таиланд 6-7 қараша, 1989 АҚШ 6-7 қараша, 1989 Вьетнам 14-15 қараша, 1998
Дереккөздер
Санат:Ұйымдар Санат:Азия Санат:Тынық мұхит