Ащытасты-27 — археологиялық қазба орны. Биіктігі 0,5 м, диаметрі 4-тен 6 м-ге дейін жететін төрт обадан тұрады. Қабірге археолог О.Смағұловтың болжамы бойынша 40-45 жастарда дүние салған әйел жерленген. Оның жанынан қапсырмалар, сырғалар, қыштан жасалған ұршық басы, ыдыс, айна табылған.ТОРҒАЙ ЕЛІ. Энциклопедия. Құрастырған Т. Рсаев. Алматы, «Арыс» баспасы, 2013 жыл

Дереккөздер