Бейнеу — Маңғыстау облысындағы аттас ауылдың маңындағы жергілікті әуе жолдарының әуежайы.
Бейнеу әуежайына авиакомпаниялық ұшақтар ұшпайды, бірақ ол әуежайға тікұшақтың барлық түрлерін, Ан-24, Ан-26, Як-40 және оданда жеңіл ұшақтарды қабылдауға есептелінген 3 классты аэродромы. 1990-шы жылдары аэродром қараусыз қалдырған және сол уақыттан бастап әуежай авиациялық жұмыстар кезінде А классты ұшақтар (Ан-2 және оған ұқсас) мен тікұшақтардың қонатын алаңы ретінде қолданылады.
2009 жылы аэродром Жібек жолы ралли жарысы кезінде қолданылды. 8 қыркүйек аэродромда 2 Ан-74, 2 Ан-24, Ан-26, бірнеше Cessna және тікұшақтардың бірнеше түрі қонды.
2015 жылдың сәуірінде аэродромда ҚР ӘҚҚ-нің ұшағы EADS CASA C-295 қонды.
Санат:Маңғыстау облысы əуежайлары