Адай-Табын ауданы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің бұрынғы әкімшілік бөліну бірлігі.

Тарихы Аудан Адай уезі құрамында 1921 жылдың 3 наурызында құрылған. Аудан халқының барлығы көшпенді болған, бұл жағдай ауданның орталығы жоқтығына әкелді.

1922 жылдың 9 қыркүйегінде аудан таратылды. Құрамына кірген болыстар уезд басшылығына тікелей бағыныңқылы болды.

1923 жылдың 20 наурызында аудан қайтадан құрылды.

1923 жылдың 5 шілдесінде аудан қайтадан таратылды. Құрамына кірген болыстар уезд басшылығына тікелей бағыныңқылы болды.

Әкімшілік бөлінуі Аудан алғаш құрылған кезде 11 болыстан тұрды. Олар: 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші Адай; 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші, 6-шы Табын. Қайта құрылған уақытта аудан 9 болыстан тұрды. Олар: 1-ші, 2-ші, 3-ші Адай; Доңызтау-Ақкөл; Сам-Матай; Тайсойған-Сағыз; Ұлы Сам; Шилі-Сағыз; Жем-Сағыз.

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның таратылған аудандары