Жаскент ауылдық округі — Жетісу облысы Панфилов ауданында болған әкімшілік бірлік. 2025 жылы таратылып, аумағы Бірлік ауылдық округі мен Жаркент қаласының қарамағына берілді.Жетісу облысы Панфилов ауданының әкімшілік - аумақтық құрылысындағы өзгертулер туралы

Тарихы Жаскент ауылдық округі 2003 жылы Алматы облысының мәслихатының 2003 жылғы 30 мамырдағы N 34-195 және Алматы облысы әкімінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 5-114 бірлескен шешімімен құрылып, құрамына Бірлік ауылдық округінің Сұптай және Жаркент қаласына қарасты Головацкий ауылдары енді. 2025 жылы Жетісу облыстық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 26-160 бірлескен шешімі және Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 наурыздағы № 84 қаулысымен Жаскент ауылдық округі таратылып, Сұптай ауылы Бірлік ауылдық округінің құрамына, Головацкий ауылы Жаркент қаласының қарамағына берілді.

Әкімшілік құрамы Құрамына Головацкий, Сұптай ауылдары кірді. Орталығы Головацкий ауылы болды.

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Головацкий ауылы 1920 2931 152,7 945 1472 155,8 975 1459 149,6 Сұптай ауылы 757 847 111,9 383 430 112,3 374 417 111,5 Жалпы саны 2677 3778 141,1 1328 1902 143,2 1349 1876 139,1

Дереккөздер

Санат:Панфилов ауданының таратылған ауылдық округтері