Жаркөл қонысы – көне дәуірлерден сақталған қоныс орны.
Орналасқан жері Қостанай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 35 км жердегі кішігірім көл жағасында орналасқан.
Сипаты Мектеп оқытушысы П.С. Загородный көл жағасындағы құмайттан шақпақ тастан жасалған тас құралдар тауып алуы нәтижесінде белгілі болды. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлері тұрақтан табылған тас пышақтар, қырғыштар, жебелер сияқты заттай деректерді зерттей келе ескерткіштің неолит (жаңа тас) дәуірінің соңғы кезеңіне жататынын анықтады. Жаркөл б.з.б. IV-III мыңжылдықтарда солтүстік өлкелерде мекендеген жергілікті аңшы-балықшы тайпалардың ескерткішіне жатады."Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Қостанай облысы географиясы Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Қазақстан қоныстары