Ана Селия де Армас Касо (, 1988 ж.30 сәуірде туған) — кубалық актриса.
Ерте өмірі Ана де Армас Гаванада (Куба) туып-өсті (Санта-Крус-дель-Норте). Ол 12 жасында актриса болуды ұйғарады да Куба Ұлттық Театр мектебіне оқуға түседі.
Мансабы Де Армас өзінің актерлік дебютін 2006 жылы Алекс Гонсалес басты рөлде ойнаған Una rosa de Francia фильмінде Мари рөлін сомдау арқылы жасады. 18 жасында ол Испанияға көшіп келді. Оның алғашқы ірі телевизиялық жетістігі El Internado деген испан сериалы болатын, мұнда ол бас кейіпкер Каролина Леаль рөлін ойнайды. Сериал 2007 жылы Antena 3 телеарнасында көрсетілді. Әрі қарай ол өз мансабын Mentiras gordas (2009) фильмінде, Hispania, la leyenda (2010-2012) сериалында және Blind Alley (2011) фильмінде түсу арқылы жалғастырды.
Голливудке көшуі 2014 жылы де Армас Лос Анжелеске көшіп келді. Ол Por un puñado de besos фильмінде көрінді. 2015 жылы Киану Ривзбен бірге Knock Knock фильмінде, кейін онымен бірге тағы да 2016 жылы Exposed фильмінде басты рөлдердің бірін сомдайды. Де Армастың өзінің айтуы бойынша, 2016 жылы Каннда тұсаукесері болған Hands of Stone (Роберт Де Ниро басты рөлде) фильмінің режиссері Джонатан Якубович оған оның алғашқы халықаралық рөлін беру арқылы "жолын ашып берді". 2016 жылы Hands of Stone-мен қатар Тодд Филлипстің Соғыс төбеттерінде америкалық үкіметке қару-жарақ сататын Майлз Теллердің кейіпкерінің әйелін ойнау арқылы маңызды рөлге ие болды.
2017 жылы ол Overdrive деген француз экшн-триллерінде пайда болды, онда ол Скотт Иствудтың құрбысын ойнады. Бұл фильмде оның кейіпкері мейірімсіз шонжардың көліктерін ұрлау туралы Скоттың жымысқы жоспарына көмектеседі.
Сол жылы Ана де Армас Денис Вильневтің Жүзбен жүгіруші 2049 фильмінде Райан Гослингпен бірге Джой деген голографиялық компьютер бағдарламасының рөлін ойнау арқылы көрінеді. Оның бұл фильмдегі рөлі көптеген мақтауларға ие болды.http://www.indiewire.com/2017/10/blade-runner-2049-supporting-cast-ana-de-armas-carla-juri-1201884020/http://www.hollywoodreporter.com/news/hollywoods-next-big-thing-blade-runner-2049-breakout-ana-de-armas-1044837http://www.esquire.com/entertainment/movies/a12184443/ana-de-armas-2017-interview-blade-runner-2049/
Жеке өмірі Де Армас 2011 мен 2013 жыл аралығында испан актері Марк Клотетпен тұрмыста болды.
Фильмографиясы
Фильм Жыл Атауы Рөлі Ескертпелер 2006 Una rosa de Francia МариАна Селия де Армас болып 2007 Madrigal Стелла МарисАна Селия де Армас болып 2009 Sex, Party and Lies КаролаMentiras gordas ретінде танымал 2009 Y de postre, qué Қыз Қысқа метражды фильм 2009 Ánima Хулиета Қысқа метражды фильм 2011 Blind Alley Роза / ЛаураEl callejón ретінде танымал 2012 Perrito chino Сабина Қысқа метражды фильм 2013Фарадей Инма Мурга 2014 Por un puñado de besos Соль 2015 Knock Knock Бел 2015 Анабель Крис 2016 Exposed Исабель де ла Крус 2016Hands of Stone Фелисидад Дуран 2016Соғыс төбеттері Из 2017 Overdrive Стефани 2017 Жүзбен жүгіруші 2049 Джой 2018 Үш Секунд София Хоффман
ТВ сериалдар Жыл Атауы Рөлі Ескертпелер 2007 El edén perdido Глория Телевизиялық фильм 2007-2010 El Internado Каролина Леаль Солис Телехикая (56 серия) 2008 Revelados Сериал 2010-2012 Hispania, la leyenda Нерея Телехикая (17 серия) 2011 Actrices Өзі ТВ телехикая (2 серия)
Дереккөздер