Турник немесе белтемір - спорттық аспап. Турниктегі жаттығулар ер азаматтардың арасында өтетін жарыстардың құрамына да кіреді. Турник көбінесе гимнастикалық аспап ретінде қарастырылады. Турниктегі жаттығулар немесе элементтер өте оңай болғандықтан, турникті барлық спорт зал төрінде көруге болады. Турникте орындалатын элементтерге жай тартылу, қол арасын көбірек ашып тартылу, офицер шығуы, капитан шығуы және т.б. жатады. нобай|Ауладағы қарапайым турник Турник тарихы Турникті ойлап тапқан "гимнастика әкесі" - деп жазылады шетел ғалымдарының еңбектерінде. Бұл лақап атқа ие болған Фридрих Людвиг Ян. Ол 18-19 ғасырлар аралығында өмір сүрген. Наполеон Пруссия әскерін ойсырата жеңген уақытта, неміс ғалымы өз ұлтының рухын дене шынықтыру арқылы көтермекші болған. Фридрих Ян жаттығуларға арналған алғашқы аппаратураларды ойлап тапты. Турниктен басқа ол кіші ат, бөренелерді ойлап тапқан. Турник орналасуы Турниктер алғашында ойықтарда орналасқан. Яғни, қабырғалардың арасында, есік тұсында. Мұндай турниктердің атауы - "есік турнигі". Екі ғасыр ішінде бұл спорттық аспап дамып, түрлі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі таңда екі паралелль жазық арасына қойылып, алынатын әмбебап турниктер жетерлік. Жарда орналасқан турниктер кронштейндер арқасында тұрғандықтан, берік болып саналады. Турниктегі жаттығулардың пайдасы Турникте асылып тұрудың өзі ағзаға пайдалы. Бұл кезде денемізді бос ұстасақ, омыртқа созылады. Дәрігерлер бұл жаттығуды сколиозбен ауыратын адамдарға ұсынады. Турникте асылып тұру жаттығуын жай тартылумен кезектестіріп жасау қажет. Турникте асылып тұрып аяқтарымызды тоқсан градус шамасына дейін көтеру белге өте пайдалы және бұл жаттығу қарт адамдарға ұсынылады. Сонымен қатар турникте асылу бойдың өсуіне септігін тигізеді. tvoi-uvelirr.ru сайты Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Турник · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.