Рауф Хафизұлы Ақбердин (1929 жылы туған, Көкшетау қ.) — журналист.
Көкшетау қаласындағы Қазақ педагогикалық училищесін (1945) Қазақ мемлекеттік университетті (1952) бітірген. Баспада, педагогикалық училищеде, мектепте оқытушы болып жұмыс істеген (1945 — 58). Көкшетау ауданы «За коммунизм» газетінде редактор (1958) Көкшетау облысы «Степной маяк»'' газетінің бас редакторы (1980). КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Татар мәдени орталығының төрағасы болған. Қазақша-орысша сөздіктің (экономика терминдерінің), «Көкшетау» жинағының авторы. «Құрмет белгісі» ордені, медальдармен марапатталған."Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:1929 жылы туғандар Санат:Көкшетауда туғандар Санат:Қазақстан журналистері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері