Аққұдық ауылдық округі — Ақтөбе облысы Мәртөк ауданына қарасты әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Вознесеновка, Достық, Жаңажол, Қарабұлақ, Первомайка ауылдары кіреді. Орталығы – Вознесеновка ауылы.
Тарихы 1997 жылы Құмшоқат ауылдық округі (орталығы Веренка а.) таратылып, Первомай ауылдық округіне (орталығы Вознесеновка а.) қосылды.Облыстың әкімшілік аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы Кейін Первомай ауылдық округі Аққұдық ауылдық округі болып өзгертілді. 2009 жылы Рыбаковка ауылы ЖаңажолМәртөк ауданының Рыбаковка селосын Жаңажол ауылы деп қайта атау туралы, 2011 жылы Степь ауылы ҚарабұлақАқтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің Степь селосын Қарабұлақ ауылы деп қайта атау туралы, 2016 жылы Веренка ауылы Достық ауылы болып өзгертілді.Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің Веренка ауылын Достық ауылы деп қайта атау туралы
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 993 адамды (497 ер адам және 496 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Мәртөк ауданы ауылдық округтері