Ақкөл — қала, Ақмола облысы Ақкөл ауданының және Ақкөл қалалық әкімдігі орталығы. 1997 жылға дейін — "Алексеевка" деп аталған.

Географиялық орны Астана қаласынан солтүстікке қарай 107 км-дей жерде, Ақкөл көлінің оңтүстік-батыс жағалауын ала орналасқан.

Тарихы Іргесі 1887 жылы қаланған. 1939 жылы кент, 1965 жылы қала мәртебесін алды.

Халқы Тұрғыны: 14 217 адам (2009); 13 802 адам (2011); 13 586 адам (2012); 13 610 адам (2013); 13 725 адам (2014).

+ Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14217 16017 112,7 6813 7919 116,2 7404 8098 109,4

Климаты Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы — 17°С, шілдеде – 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 350 мм.

Кәсіпорындары Құрылыс материалдары комбинаты, жөндеу-механикалық орталығы, қиыршықтас, тұрмыстық химия, нан, сүт зауыттары, элеватор, Астана ет комбинатының бөлімшесі жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Аудандық орталық аурухана, тубдиспансер, 4 мектеп, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйі, мектепаралық оқу-өндірісі комбинаты, 14 мектепке дейінгі балалар мекемесі, облыстық балалар үйі, мектеп-интернат, шипажай, кәсіптік-техникалық училище, 2 мәдениет үйі, 12 кітапхана, кинотеатр, Халық қаһарманы С.Нұрмағамбетов атындағы мұражай бар. Ақкөл арқылы Петропавл — Астана темір жол және автомобиль жолдары өтеді.

Дереккөздер

Санат:Ақкөл ауданы елді мекендері Санат:Ақмола облысы қалалары