Жаңаталап ауылдық округі – Ақтөбе облысы Қобда ауданында болған әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Жаңаталап ауылы кірді. Орталығы – Жаңаталап ауылы болды.

Тарихы Округ кеңес заманында Астраханов ауылдық кеңесі деп аталды. 1997 жылы Терісаққан ауылдық округі (орталығы Терісаққан а.) таратылып, Жаңаталап ауылдық округіне (орталығы Жаңаталап а.) қосылды.Облыстың әкімшілік аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы Кейін Жаңаталап ауылдық округінен Терісаққан ауылдық округі бөлініп шықты. 2012 жылы округ құрамында болған Жайылма ауылы таратылды.Ақтөбе облысының кейбір елді мекендерін тарату туралы 2017 жылы Жаңаталап ауылдық округі таратылып, Терісаққан ауылдық округіне қосылды.Қобда ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 492 адамды құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Қобда ауданының таратылған ауылдық округтері