Белқопа — Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы - Темірбек Жүргенов ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 75 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 614 адам (312 ер адам және 302 әйел адам) болса, 2009 жылы 268 адамды (134 ер адам және 134 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 364 адамды (197 ер адам және 167 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Әйтеке би ауданы елді мекендері