нобай|орта|1200px|Қабыл ауылына қош келдіңіздер!

Қабыл — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы, Ақжол ауылдық округі құрамындағы ауыл. Ауыл озат шопан, еңбек ардагері Қабыл Қамешовтің құрметіне аталған.

Географиялық орны Аудан орталығы - Чапаев ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 495 адам (249 ер адам және 246 әйел адам) болса, 2009 жылы 455 адамды (240 ер адам және 215 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 371 адамды (199 ер адам және 172 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Ауыл көшелері Бастау (Қоразбаев) көшесі Жамбыл көшесі К.Мендалиев көшесі Қабыл көшесі М.Әуезов көшесі Шаңырақ (Пендебаев) көшесі

Дереккөздер

Санат:Ақжайық ауданы елді мекендері