Өсерұлы Нұралы Өсерұлы Нұралы – ғалым, заң ғылымы докторы (1998), профессор (2000). Ол кісі 20.01. 1940 жылы Түркістан облысы, Түркістан қаласында туды. 1967 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетін бітірген. 1967 – 1990 жылдары Қазақ КСР-і ғылым академиясының Философия және құқық институтында ғылым қызметкері болып жұмыс істеді. 1996 – 2000 жылдары Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Гуманитарлық университетте, 2000 – 2004 жылдары Қазақ мемлекетінің заң академиясында, басқа да бірнеше жоғары оқу орындарында дәріс берді. Осы жылдары Ислам құқықтарын зерттеу ортасының директоры қызметін қоса атқарды. 2004 жылдың қыркүйегінен Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институтында кафедра меңгерушісі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері; мұсылмандық заңдар; қазақ халқының хандық билік дәуіріндегі заңдары; шариғаттың ұлттық әдет-ғұрып заңдарына әсері. Сондай-ақ ол қазақ мектептері үшін 2 – 3 және 8 – 9-сыныптарға арналған араб тілі оқулықтарын, әдістемелік құралдары мен бағдарламаларын жазған. Өсерұлы Құран Кәрімді тәржімалады (5 том) және оны ішінара тәпсірледі, сондай-ақ аяттардың оқылуын алғаш рет қазақ әріптерінің жүйесіне түсірді. Шығармалары: Құран. 5 томдық тәржіме 1990 – 2002 Ислам және қазақ әдет-ғұрпы 1992 Қазақтың үкім-кесімдері 1994 “Жеті жарғы” 1994 Мұсылмандық қағида-ережелер 1995 Мұсылмандық құқық 1997 Шариғаттың қазақ әдет-ғұрыптарына әсері, 1998; Ислам негіздері, 2002. Араб тілі. Әліппе. А., 1997; Араб тілі. 3- класс. А., 1982; Араб тілі. 8-класс. А., 1990; Араб тілі. 9-класс. А.,1991; Куран (Бес томдық ғылыми аударма). М.-А., 1990-1998.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Қазақ тілі