Хорватия Ұлттық футбол құрама командасы — Халықаралық футбол жарыстарында Хорватия мемлекетінің атынан сынға түсетін ұлттық футбол құрама командасы. Құрама 1990 жылы құрылды, 1992 жылдан бастап ФИФА және УЕФА мүшесі. Оған дейін Хорватияның қазіргі территориясында туған футболшылар Югославияның атынан сынға түсіп келді. 1998 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Тарихы Жалпы алғанда, Хорватияда футбол ХХ ғасырдың басында-ақ пайда болған. Югославия сапында да жарқыраған хорваттық футболшылар көп, мәселен, 1962 жылғы әлем чемпионатында үздік мерген атанған бірнеше футболшының бірі Дражан Йеркович хорват болатын. Ал, Тәуелсіздік алар тұста танымал футболшыға айналған Роберт Просинечки ӘЧ-да екі түрлі құрамада (1990 — Югославия сапында,1998 — Хорватия сапында) ойнап гол соққан тарихтағы жалғыз футболшы.
Алғашқы ірі турнирге 1996 жылы қатысып, ширек финалда Германиядан ұтылып қалды. Бірақ 1998 жылғы ӘЧ-да немістерден есе қайырып, оларды ширек финалда 3:0 есебімен ойсыратты. Жартылай финалда француздарға есе жіберген хорваттар үшінші орын үшін болған матчта Нидерланд құрамасын ұтып, қола жүлдені иеленді. Тағы бір жетістік — шабуылшы Давор Шуке 6 гол соғып, чемпионат сұрмергені атанды.
ӘЧ-2002, ЕУРО-2004, ӘЧ-2006 турнирлерінде құрама топтық турнирден аса алмады. Тек 2008 жылғы ЕУРО-да Германия, Аустрия, Польша құрамаларын ұтып, топтық турнирде мүмкін болған тоғыз ұпайды түгел жинады. Бірақ ширек финалда Түркиядан пенальти тебісу арқылы ұтылып қалды. ЕУРО-2012, ӘЧ-2014 турнирлерінде де топтан оза алмады. Ал ЕУРО-2016 чемпионатында 1/8 финалда болашақ чемпион Португалиядан 0:1 есебімен жеңілді.
Ең жарқыраған турнирі — 2018 жылғы әлем чемпионаты болды. Топтық кезеңде Аргентинаның өзін 3:0 есебімен ұтты. Ал 1/8, 1/4, жартылай финалдарда тек пенальтилер арқылы қарсыластарынан басым түсті, осы ауыр ойындарда шаршады ма, финалда Францияға қарсылық көрсете алмай, 2:4 есебімен ұтылып қалды.
Құрамы ӘЧ-2018 турниріндегі №АтыклубТуған жылы, күніҚақпашылар1Доминик Ливакович Динамо (Загреб)9 қаңтар 199512Ловре Калинич Гент3 сәуір 199023Даниел Субашич Монако27 қазан 1984Қорғаушылар2Шиме Врсалько Атлетико Мадрид10 қаңтар 19923Иван Стринич Сампдория17 шілде 19875Ведран Чорлука Локомотив М5 ақпан 19866Деян Ловрен Ливерпуль5 шілде 198913Тин Едвай Байер 0428 қараша 199515Дуе Чалета-Цар Ред Булл Зальцбург17 қыркүйек 199621Домагой Вида Бешикташ29 сәуір 198922Йосип Пиварич Динамо (Киев)30 қаңтар 1989Жартылай қорғаушылар7Иван Ракитич Барселона10 наурыз 19888Матео Ковачич Реал Мадрид6 мамыр 199410Лука Модрич (к) Реал Мадрид9 қыркүйек 198511Марцело Брозович Интернационале16 қараша 199214Филип Брадарич Риека11 қаңтар 199219Милан Бадель Фиорентина25 ақпан 1989Шабуылшылар4Иван Перишич Интернационале2 ақпан 19899Андрей Крамарич Хоффенхайм19 маусым 199116Никола Калинич Милан5 қаңтар 198817Марио Манджукич Ювентус21 мамыр 198618Анте Ребич Айнтрахт (Майндағы Франкфурт)21 қыркүйек 199320Марко Пьяца Шальке 046 мамыр 1995Бапкер Златко Далич26 қазан 1966
Бапкерлер Дражан Еркович, 1990—1991 Станко Поклепович, 1992 Влатко Маркович, 1993 Мирослав Блажевич, 1994—2000 Мирко Йозич, 2000—2002 Отто Барич, 2002—2004 Златко Краньчар, 2004—2006 Славен Билич, 2006—2012 Игор Штимац, 2012—2013 Нико Ковач, 2013—2015 Анте Чачич, 2015—2017 Златко Далич, 2017—қазірге дейін
Мергендер ПозицияОйыншыГол саныЖЖ1Давор Шукер451990—20022Марио Манджукич302007—3Эдуардо да Силва292004—20144Дарио Срна222002—20165Ивица Олич202002—20156Иван Перишич162011—7Горан Влаович151992—20028Нико Кранчар152004—20139Никола Калинич142008—10Нико Ковач141996—2008 * Құрамада қазір де ойнап жүргендер жуан мәтінмен жазылды.
Әлем чемпионаттарында гол соққан футболшылары ОйыншыГол19982002200620142018Давор Шукер66Иван Перишич321Марио Манджукич22Лука Модрич22Ивица Олич211Роберт Просинечки2*2Милан Бадель11Роберт Ярни11Нико Ковач11Иван Ракитич11Милан Рапаич11Анте Ребич11Дарио Срна11Марио Станич11Горан Влаович11Бары28112267
Форма
Негізгі формасы
Сақтық формасы
Сілтемелер
Санат:Хорватия Ұлттық футбол құрамасы