Төп (тағам) — ауылдық жерлерде «төп» деп аталатын қарапайым тамақ — тарының шикі немесе піскен сөгінен (немесе оның талқанынан), күріштен әзірленеді. Алдымен оларды қазанға салып, аздап су құйып, тұз салып пісіреді де қоймалжың күйінде табақ сияқты ыдысқа құйып алады. Сосын шыжық қосады да бетіне май салады. 1940-1950 жылдардағы қиыншылық кездерде тары өсірген ауыл бұл тамақты көп пайдаланған. Кенжеахметұлы С. "Қазақтың дарқан дастарқаны", - Алматы: "Алматыкітап баспасы", 2010

Дереккөздер

Санат:Тағамдар